• Басты
  • Қазақстанда 7 жылда миокардтың жіті инфарктінен болатын өлім-жітім 1,8 есеге азайды
21 Желтоқсан, 2016 15:04

Қазақстанда 7 жылда миокардтың жіті инфарктінен болатын өлім-жітім 1,8 есеге азайды

Қазақстанда соңғы 7 жылда миокардтың жіті инфарктінен болатын өлім-жітім 2009 жылғы 3 мың 476 адамнан 2015 жылы 1 мың 876 адамға, яғни 1,8 есеге азайды.
Қазақстанда 7 жылда миокардтың жіті инфарктінен болатын өлім-жітім 1,8 есеге азайды

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлағандай, 2016 жылғы 10 айдағы өлім-жітім көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 12,18 болды. Бұл өткен жылдың аталған уақытымен салыстырғанда 12,1%-ға төмен (2015 жылғы 10 айда – 13,86) болды.

Жүрек-қан тамырлары аурулары әлемдегі өлім-жітімнің негізгі себебі болып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жыл сайын инфаркт пен инсульттан 17,1 млн. адам қайтыс болады. Ол көп жағдайда жастардың арасында кездеседі. Дұрыс емес тамақтану, физикалық инерттілік, темекі мен ішімдікті пайдалану – ауру тудыратын қауіптің негізгі факторлары болып табылады.

Қазақстанда жүрек- қан тамырлары жүйесінің ауруларынан болатын өлім-жітімді азайту мақсатында ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында  негізгі әлеуметтік мәні бар, жұқпалы емес аурулар мен елдің демографиялық ахуалына айтарлықтай әсері бар 5 ауру, оның ішінде миокардтың жіті инфаркті бойынша медициналық көмек көрсетудің  біріктірілген үлгісі енгізілуде.

Бүгінгі таңда әрбір бағыт бойынша қызметтің барлық түрлері көрсетілуде: профилактика, емдеу шаралары, оның ішінде оңалту, диспансерлік бақылау, медициналық және әлеуметтік қызметтер.

Медициналық көмек көрсетудің  біріктірілген үлгісі енгізу бойынша Жол картасын жүзеге асыру шараларының аясында облыстық, Астана және Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармаларының, республикалық және аймақтық медициналық ұйымдардың жұмысын үйлестіру мақсатында 5 үйлестіру кеңесі құрылды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды