- Басты
- Жаңалықтар
- Бейжіңде отандық 20 компанияның ауылшаруашылық өнімдері таныстырылды
Бейжіңде отандық 20 компанияның ауылшаруашылық өнімдері таныстырылды
Олардың арасында Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы аясында жүзеге асырылып келе жатқан агроөнеркәсіптік кешен, металлургия, тамақ өнеркәсібі, қалдықтарды қайта өңдеу салаларындағы жобалар бар. Таныстырылымға Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының компаниялары да қатысты.
Қазақстандық қонақтарға, өз кезегінде, 120-дан астам қытайлық компания өз өнімдерін таныстырды. Олардың қатарында сауда, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін шығару, металлургия және тағы басқа салалар бар. Компаниялар Бейжің, Шандунь, Хэнань провинциялары мен Ішкі Монғолия, СУАР және Шаньси аймақтарына тиесілі екен.
Қазақстандық тауар өндірушілер қытайлық әріптестеріне балық, ет, сүт өнімдерін ұсынды. Сондай-ақ, қымыз, құрт, айран және ашытқы, бал, ұн және макарон өнімдерін, ас әзірлеу үшін пайдаланылатын май және басқа да өнімдерді насихаттады.
Ауыл шаруашылығы өнеркәсібі және сауда палатасы, өнеркәсіп және сауданың жалпықытайлық федерациясының төрағасы Ван Цзюньхаоның айтуынша, «Қазақстан мен Қытай ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару және өңдеу саласы бойынша тығыз ынтымақтастық орната алады. Қытай тұрғындарының қазақстандық тамақ және ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сұранысы жоғары, сол себепті, Қытай нарығын жаулап алуға қазақстандық тауар өндірушілердің мүмкіндігі жетеді».
Таныстырылымнан кейін, екі елдің компаниялары «В2В» сипатында кездесулер өткізді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер