- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қорғаныс министрі әскери қызметшілерге 240 пәтердің кілтін табыстады (ФОТО)
ҚР Қорғаныс министрі әскери қызметшілерге 240 пәтердің кілтін табыстады (ФОТО)
Жұмыс сапары барысында ҚР Қорғаныс министрі әскери қызметшілерге жаңа тұрғын үйлерден 240 пәтердің кілттерін табыстады. «Гарнизондарда тұрғын үй кешендерін пайдалануға беру Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әскери қызметшілердің әлеуметтік тұрғыда қорғалуы деңгейін арттыруға, олардың Қазақстанның Қарулы Күштерінде қызмет етуге ынталандыруы көңіл бөлуінің жарқын үлгісі», - деп ҚР Қорғаныс министрі салтанатты шарада атап өтті.
Әскери қалашықтарды дамыту және әскери қызметшілерді қызметтік баспанамен қамтамасыз ету Қорғаныс министрлігі қызметінің басымдық бағыттарының бірі болып табылады. Жыл сайын ҚР Қарулы Күштерінде құрылыс және күрделі жөндеу жүргізу арқылы оң мыңдаған шаршы метр баспана пайдалануға беріледі. Мерейтолық 2016 жылы Ақтау, Аягөз, Сарыөзек және Гвардейск гарнизондарында 474 пәтер мен жатақханадағы 100 бөлменің құрылысы аяқталды.
Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында қорғаныс ведомствосының басшысы ҚР ҚК Әскери-әуе күштерінің жарақтандырылуына келіп түскен Ми-35М жаңа көп мақсатты соққы тікұшақтарын қарап шықты. Жауынгерлік тікұшақтардың аталмыш үлгісі басқарылатын және басқарылмайтын қару-жарақтың көмегімен жерүсті нысаналар бойынша атыс тапсырмаларын орындау қабілеттілігіне ие екенін айта кеткен жөн.
Одан басқа, Алматы қаласында ҚР Қорғаныс министрі Қарулы Күштердің ардагерлерімен қауышып, жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің бірқатар өзекті мәселелерін талқылады және қазақстандық армияның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлестері үшін әрқайсысына алғыс білдірді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы