- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс Қазақстан мен Словения арасындағы конвенцияны ратификациялауды мақұлдады
Мәжіліс Қазақстан мен Словения арасындағы конвенцияны ратификациялауды мақұлдады
ҚР қаржы министрі Бахыт Сұлтанов атап өткендей, конвенцияның мақсаты инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы Қазақстан мен Словения арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту болып табылады.
«Ратификация үшін ұсынылған Конвенция: біріншіден, келісуші мемлекеттер арасында салық салу құқықтарын бөлу арқылы келісуші мемлекеттердің резиденттері болып табылатын заңды және жеке тұлғалардың кірістеріне қос салық салуды жоюға мүмкіндік береді», - деп хабарлады Б. Сұлтанов палата депутаттарына заң жобасын таныстыру кезінде.
Екіншіден, оның айтуы бойынша, инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы Қазақстан мен Словения арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, кеңейтуге жол салынады.
Үшіншіден, Конвенция екі мемлекеттің құзырлы органдары арасында салық мәселелері бойынша ақпарат алмасу арқылы салықтан жалтару мәселелерін шешуге көмектеседі.
Министрдің айтуы бойынша, Конвенцияның жекелеген баптарында өз қызметін келісуші мемлекеттерде жүзеге асыратын әртістердің, спортшылардың, мемлекеттік қызметшілердің, студенттердің табыстары мен басқа төлемдеріне салық салудың нақты тәртібі көрсетілген.
Конвенцияның іске асырылуы мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді. Конвенцияны ратификациялау мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынастарды кеңейтуге қосымша серпін береді, қолайлы инвестициялық климат жасайды», - деп түйіндеді Б. Сұлтанов.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция