• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2017 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Қазақстан шекарасына өту визасы берілуінің жаңа тәртібі өз күшіне енеді

2017 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Қазақстан шекарасына өту визасы берілуінің жаңа тәртібі өз күшіне енеді

21 Желтоқсан, 2016 09:23
2017 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Қазақстан шекарасына өту визасы берілуінің жаңа тәртібі өз күшіне енеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуовтың, дипломатиялық корпус өкілдері мен отандық және шетелдік БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте.

Жаңа тәртіптерді қабылдаудың мақсаты көші-қон мен  визалық саясат саласында   қазіргі заманғы халықаралық  жағдайды ескере отырып визаны беру тәртібін оңтайландыру. Ұлттық заңнамадағы өзгертулер ҚР шекарасына шетелдік азаматтардың ену тәртібін жеңілдетеді, деп хабарлады СІМ.

Е.Ыдырысов  жаңашылдықтар туралы сөз қозғап, жаңа тәртіптер шетелдік азаматтардың ел екарасына кіру тәртібін ашық, жылдам және жеңіл ете түседі.

«Біз қарапайым, түсінікті және ыңғайлы тәртіп орнатуға ұмтылдық, азаматтардың қызығушылықтарын ескере отырып, өзге шетелдік тәжірибені де қолдануға ұмтылдық. Бұл біздің азаматтардың өзге елдердің тұрғындарымен ынтмақтастықты дамытып, іскерлік тұрғыдан да дами түсуге мүмкіндік беретініне сенімдімін», - деді министр.

Сыртқы істер министрлігінің басты жаңашылдықтарының бірі  заңды және жеке тұлғалардың дайындайтын визалық шақыртуларының  Сыртқы істер министрлігіне берілуінде.

«Оның нәтижесі шақыртуларды дайындауды жеңілдете түседі.  Ол тек Астана мен Алматыда ғана емес,  көші-қон полициясы жұмыс істейтін облыс орталықтарында да жүзеге асады», - деді Е.Ыдырысов. 

Барлық жаңалықтар