- Басты
- Жаңалықтар
- ЕЭК ЕАЭО жұмыскерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарт жобасын мақұлдады
ЕЭК ЕАЭО жұмыскерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарт жобасын мақұлдады
Құжаттың мақсаты зейнетақының қалыптастырылуы мен экспорты кезінде зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы тең құқықтарды қамтамасыз ету, мүше мемлекеттерде жұмыскерлердің зейнеткерлік құқықтарын қорғау, сондай-ақ Одақ бойынша әріптестер арасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты дамыту болып табылады, деп хабарлады Комиссия.
«Шарт жобасы ЕАЭО мемлекеттерінде алынған еңбек өтілін есепке алуды көздейді. Мысалы, Қырғызстанның азаматы Беларусьте бес жыл жұмыс істесе, осы кезең жалпы еңбек өтіліне есепке алынатынына сенімді бола алады», - делінген хабарламада.
ЕЭК экономика және қаржылық саясат жөніндегі алқа мүшесі (министр) Тимур Сүлейменов атап өткендей, ЕАЭО туралы шартта Одақ елдерінің азаматтары үшін барлық негізгі құқықтар мен жеңілдіктер ескерілген, алайда, ЕАЭО мемлекеттерінің азаматтары зейнеткерлік жасқа жеткен және тұратын еліне оралған кезде зейнетақы алатыны туралы жазылған бөлім жоқ. Комиссия тараптардың уәкілетті органдарымен бірлесіп жұмыс істеп жатқан осы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің жұмыскерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарт осы құқықтық кемшілікті жояды.
Шарттың күшіне енуі мүше мемлекеттердің азаматтарын Одақ елдерінде жұмыс істеу кезінде алған зейнеткерлік құқықтарын қалыптастыру, сақтау және іске асыру құқығымен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ құжат зейнетақы экспорты және басқа мүше мемлекетте алынған жұмыс тәжірибесін есепке алу бойынша мәселені шешуді көздейді.
Шарт жобасы оған қол қою үшін қажетті мемлекет ішіндегі рәсімдерді өткізу үшін Одақ елдеріне жіберілетін болады.
Анықтама: Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жұмыскерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарт жобасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 98-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген.
Шарт жобасын әзірлеу кезінде ЕЭК және мүше мемлекеттер Комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 103 шешімімен мақұлданған Зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарт тұжырымдамасын басшылыққа алған.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері