- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 7 жылда медициналық ұйымдарды қаржыландыру 1,8 есеге ұлғайды
Қазақстанда 7 жылда медициналық ұйымдарды қаржыландыру 1,8 есеге ұлғайды
20 Желтоқсан, 2016 20:24
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (әрі қарай - ТМККК) аясында арнаулы, жоғары мамандандырылған медициналық көмек пен лизингтік төлемдерді өтеу мақсатында медициналық ұйымдарды қаржыландыру соңғы 7 жылда 1,8 есеге ұлғайды (2010 жылғы 162,2 млрд. теңгеден 2016 жылғы 297,3 млрд. теңгеге дейін).
Ол 2010 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің аясында халықты медициналық көмекпен қамтамасыз ету» (әрі қарай - БҰДЖ) бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілуде.
БҰДЖ енгізу екі кезеңде: біріншісі (2010-2012 жж.) – стационарлық деңгейде, екіншісі (2014-2016 жж.) – амбулаторлық деңгейде жүзеге асырылады.
БҰДЖ негізгі қағидалары: пациенттердің стационарды еркін таңдауы; медициналық көмек көрсетудегі бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыру; медициналық қызмет көрсету үрдісінің ашықтығы; медициналық ұйымдарды көрсетілген медициналық көмектің көлемі, сапасына байланысты көрсетілетін нәтижесіне қарай қаржыландыру.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады