• Басты
  • Жаңалықтар
  • Александр Тараков ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» директоры қызметіне тағайындалды

Александр Тараков ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» директоры қызметіне тағайындалды

20 Желтоқсан, 2016 16:58
Мемлекет басшысының Өкімімен Александр Юрьевич Тараков Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Наталья Павловна Калашникова Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылды.

Барлық жаңалықтар