- Басты
- Жаңалықтар
- Заңды орындау оның қолданысқа ену күнінен бастап алты ай ішінде жүргізіледі
Заңды орындау оның қолданысқа ену күнінен бастап алты ай ішінде жүргізіледі
Гуманизм қағидатының бір көрінісі оған сәйкес рақымшылық жасау актін қолданатын заңды қабылдау болып табылады.
Ағымдағы жылдың 13 желтоқсан күні Елбасы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды.
Заңмен рақымшылық жасалатын тұлғалардың шеңбері, сондай-ақ рақымшылық жасау акті қолданылмайтын субъектілер анықталады. Жазаның өтелмеген бөлігі айыппұлмен немесе бостандығын шектеумен алмастырылады, не қысқартылады. Сонымен қатар заңда рақымшылық жасауды қолдану шарттары көрсетілген.
Заң азаматтардың әлеуметтік осал санаттары – кәмелетке толмағандарға, жүкті әйелдерге, кәмелетке толмаған балалары немесе мүгедек балалары бар әйелдерге, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалардың жалғыз ата-анасы болып табылатын ер адамдарға, I, II және III топтағы мүгедектерге, елу жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс жастағы және ол жастан асқан ер адамдарға, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, әскери және интернационалдық борышын орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің жесірлеріне, сондай-ақ күйеулері соғыс мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар болып табылатын әйелдерге қатысты рақымшылық жасау ұйғарылып отыр.
Барлық қылмыстық істер мен соттар қарамаған істер бойынша, қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар бойынша іс жүргізуді тоқтату көзделген. Сотталған адамдардың жекелеген санаттары үшін жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін айыппұлмен немесе бас бостандығын шектеумен ауыстыру немесе оны қысқарту рәсімін қолдану мүмкіндігі пайда болады. Сонымен қатар, заңмен рақымшылық жасау актісі қолданылмайтын адамдардың аясы белгіленеді. Бұл жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар; террористік және экстремистік қылмыстар; азаптаулар жасаған адамдар; рецидивистер; өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланған, сондай-ақ кешірім жасау тәртібімен өлім жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдар, бұрын рақымшылық жасалған немесе кешiрiм жасалған және қайтадан қасақана қылмыстар жасаған адамдар; қылмыстық топтар құрамында қылмыстар жасағаны үшін сотталған, сондай-ақ қылмыстық заңда белгіленген бірқатар өзге де қылмыстар жасаған адамдар.
Осылайша, рахымшылық 28 мыңға жуық азаматқа жасалады деп жоспарланып отыр. Заңды орындау оның қолданысқа ену күнінен бастап алты ай ішінде жүргізіледі.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі