- Басты
- Жаңалықтар
- Комитет отырысында Қарсы барлау қызметі туралы заң жобасы қаралды
Комитет отырысында Қарсы барлау қызметі туралы заң жобасы қаралды
Заң жобасының негізгі мақсаттары қарсы барлау қызметінің тиімділігін арттыру үшін ұйымдық-құқықтық жағдайлар жасау және қарсы барлау органдарының қызметінде заңдылық кепілдіктерін қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсаттарды іске асыру үшін заң жобасында қарсы барлау қызметінің міндеттері мен қағидаттары, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін ұлттық қауіпсіздік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің және Сыртқы барлау қызметінің (сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган) міндеттері мен құқықтары белгіленген.
Заң жобасында Қазақстан Республикасы Президентінің қарсы барлау қызметінің негізгі бағыттары мен басымдықтарын айқындау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың жұмысын бақылау жөніндегі өкілеттіктері көзделеді. Қарсы барлау іс-шараларының тізбесі және оларды жүргізудің негіздері айқындалған. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталу кепілдігі аясында заң жобасымен қарсы барлау қызметін жүзеге асыру кезінде заңда көзделмеген міндеттерді шешу үшін қарсы барлау қызметін жүзеге асыруға және алынатын ақпаратты пайдалануға тыйым салу белгіленген.
Қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органның іс-қимылдарына жоғары тұрған органға, прокуратураға немесе сотқа шағымдану мүмкіндігі бекітілген. Қарсы барлау іс-шараларын жүргізуге қатысуына байланысты құпия көмекші қаза болған жағдайда қаза тапқан адамның отбасына және оның асырауындағыларға берілетін біржолғы жәрдемақылардың мөлшерлері, сондай-ақ ол мертіккен немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда берілетін жәрдемақының мөлшерлері айқындалған. Заң жобасында қарсы барлау қызметін ведомстволық бақылау көзделеді. Қарсы барлау қызметін ведомстволық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органның бірінші басшысына жүктеледі.
Қарсы барлау қызметін жүзеге асыру кезіндегі прокурорлық қадағалау мәселелері реттелген. Қарсы барлау қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің дәлме-дәл және біркелкі қолданылуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және ол уәкілеттік берген прокурорлар жүзеге асырады. Отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қарсы барлау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да қаралды. Заң жобасын қабылдаудың мақсаты барлау және бүлдіру әрекеттерінен Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінің қорғалуына қол жеткізу және қажетті деңгейде қолдап отыру үшін ұйымдастыру-құқықтық шарттар қалыптастыру болып табылады. Заң жобасымен 7 кодекске және 24 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары мен Мемлекеттік күзет қызметі тексеру нысандарына қатысты банкі құпиясын құрайтын мәліметтерді, қарыз алушылар туралы анықтамаларды, несие серіктестерінің тұтынушылары мен олар жүргізген операциялар туралы, сондай-ақ банкі есеп-шоттары туралы мәліметтерді прокурор санкциясымен алу құқықтарына ие болады. Барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру және басқа да қызметтеріндегі, сонымен бірге қүш-қуатты, қаржыны, бастауларды, әдістерді, жоспарларды, жағдайды, ұйымдарды, жедел-іздестіру қызметінің нәтижелерін ашатын мәліметтермен мемлекеттік құпиялар тізімі ұлғаятын болады. Қамауға алынғандарды ұстау орындарында қоғамдық бақылау жүргізу барысында қарсы барлау қызметіне араласуға жол берілмейді.
Қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын адамдарды, сондай-ақ сондай қызметті іске асыратын органдарға жәрдемдесетін азаматтарды мемлекеттік қорғау көзделіп отыр. Қарсы барлау шараларын техникалық тұрғыда жүзеге асыру үшін телекоммуникациялық жабдықтар қызметін пайдалану мүмкіндігі бекітіледі. Сондай-ақ қарсы барлау қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, бюджетті атқаруды қамтамасыз етуге бағытталған түзетулер енгізілді. Ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар еліміздің ұлттық мүдделерін қорғау жөніндегі қабылданған шаралардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет