- Басты
- Жаңалықтар
- ИДМ мемлекеттік метрологиялық бақылау саласын 6-ға дейін қысқартуды ұсынды
ИДМ мемлекеттік метрологиялық бақылау саласын 6-ға дейін қысқартуды ұсынды
ДСҰ шеңберінде (2015 жыл) Қазақстан Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісім талаптарының орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Онда негізгі кедергілер ретінде түрлі елдерде заңнаманың өзгешелігі, стандарттар мен сәйкестікті тексеру процедураларының айырмашылығы көрсетілген.
Стандарттар ұсынымдық сипатқа ие болуы тиіс. Ұлттық стандарттар көп жағдайда халықаралық талаптарға сәйкес келуі керек, ал міндетті талаптар техникалық регламенттерде белгіленуі қажет.
Осылайша, техникалық реттеу мен стандарттау түрлі заңнамалық актілермен регламенттелуі керек:әкімшілік құрал ретінде міндетті салада «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңы арқылы ерікті түрде ұсынылып отырған «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы арқылы регламенттелуі тиіс.
««Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы ҚР 6 кодексі мен ҚР 43 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуден тұрады», - деді министр.
Өлшемдер бақылауын қамтамасыз етуді халықаралық модельге сәйкес келтіру. Бірінші кезекте салыстырып тексерудің орнына эталондарды калибрлеу енгізіледі. Бизнестің қосалқы шығындарын болдырмау үшін (құралдарды салыстырып тексеру және калибрлеу талап етілетін жағдайда) салыстырып тексеруді калибрлеу нәтижелері бойынша рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылады.
«Мемлекеттік метрологиялық бақылау саласын қысқарту және оны нақтылау. Қолданыстағы сала 11 орынды қамтиды. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, адам өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, әділ сауданы қамтамасыз ету тұрғысынан ерекше маңызды іс-қимыл салаларын қалдырып, 6-ға дейін қысқартуды ұсынамыз», - деді Ж.Қасымбек.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты