Қашағанда жыл соңына дейін 1 млн тонна мұнай өндіру жоспарланған

20 Желтоқсан, 2016 14:53
Қашаған кен орны іске қосылғалы 750 мың тонна мұнай өндірілді. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Үкіметтегі баспасөз конференциясында мәлімдеді.

«Қашағандық мұнайға келетін болсақ, биыл  750 мың тонна  мұнай өндірілді. Жыл соңына дейін  1 млн-ға жуық мұнай өндіру жоспарланған. Ол Каспий құбыр консорциумы арқылы  экспортталады.  Ол үшін КТК өз қуаттылығын арттырды», - деді Қ.Бозымбаев.

Бүгінде кен орны  әлемдегі ең ірілердің бірі. Қашаған  сияқты ірі кен орны  1968 жылы Аляскада ашылған, ол 50 жыл бойы өз мәртебесін ұстап келеді.

2016 жылдың  28 қарашасында  Қашаған кен орнының  тестілік өндірілуі басталды,  1 қарашада  мұнай өндіру толыққанды қуаттылыққа ие болды.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар