Сенат отырысының күн тәртібі келісілді

20 Желтоқсан, 2016 16:08
Сенат Бюросында 2016 жылғы 22 желтоқсанда болатын Палата отырысының күн тәртібі келісілді. Сенаторлар «Пробация туралы», «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы», «Қарсы барлау қызметі туралы» заң жобалары мен бірқатар өзге заңдарға түзетулер енгізуді көздейтін ілеспе заң жобаларын қарайды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

 Күн тәртібінде «Волонтерлік қызмет туралы» заң жобасы және заңнамаға бәсекелестік және тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша түзетулер де бар. Бюрода Мәжілістен түскен заң жобалары салалық комитеттерге бөлініп берілді.

Қазақстан мен Иран арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы бойынша бас комитет болып Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті белгіленді.

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік және тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын одан әрі пысықтаумен айналысатын болды.

 

Барлық жаңалықтар