- Басты
- Жаңалықтар
- Д. Ақышев: Қазақстанда жыл басынан бері теңге депозиттерінің өсуі байқалады
Д. Ақышев: Қазақстанда жыл басынан бері теңге депозиттерінің өсуі байқалады
«2016 жылы депозиттер құрылымының өзгеруі орын алды. 11 ай ішінде теңге депозиттері, бұл алдын ала деректер, 53,2%-ға өсті, шетелдік валюта депозиттері 10%-ға төмендеді. Нәтижесінде депозиттердің долларлану деңгейі 2016 жылғы қаңтарда болған 70% мөлшеріндегі ең жоғары деңгейден 2016 жылғы қарашадағы 56,7%-ға дейін төмендеді», - деп хабарлады Ұлттық банк басшысы.
Д. Ақышев атап өткендей, заңды тұлғалардың теңге және шетелдік валюта депозиттері теңескен.
«Жеке тұлғалардың салымдары құрылымында шетелдік валюта депозиттерінің үлесі 2016 жылғы қаңтардағы ең жоғарғы 80% құрайтын мәнінен 2016 жылғы қарашадағы 64,4%-ға дейін төмендеді», - деді Д. Ақышев.
Сондай-ақ, ол Ұлттық банк сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен қалыптасатын іргелі трендтерге кедергі келтірмейтінін қосты.
«2016 жылғы қыркүйектен бастап үш ай ішінде Ұлттық банк валюталық нарықта басқыншылықтар жүргізбейді, сәйкесінше, біздің қатысу үлесіміз 0% құрайды», - деді Д. Ақышев.
Оның айтуы бойынша, биылғы жылдың желтоқсанында теңгенің нығаюы байқалады. Осылайша, теңге бағамы қазіргі уақытта оң динамикаға ие іргелі факторлардың әсерінен ғана қалыптасады.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады