- Басты
- Жаңалықтар
- Қаржы министрлігінде 11 ай бойынша бюджеттің барлық деңгейіндегі жоғарғы өсімі аталып өтті
Қаржы министрлігінде 11 ай бойынша бюджеттің барлық деңгейіндегі жоғарғы өсімі аталып өтті
«Мемлекеттік бюджеттің 11 айдағы орындалуы бюджеттің барлық деңгейі бойынша өсімге ие болды. Мемлекеттік бюджетке өткен жылдың жылдық көрсеткіші бойынша кіріс түсті. Мемлекеттік бюджеттің шығыны 1,5 трлн теңгені құрап отыр, ол өткен жылғыдан әлдеқайда көбірек. Қаржы министрлігі меморгандармен бірігіп, бюджетті нақтылау бойынша шаралардың орындалуына мониторинг жүргізді. Осы шаралардың нәтижесінде игеру өткен жылдық көрсеткіштен жақсырақ. Мембюджетке кіріс 5,8 трлн теңгені құрады. Мембюджеттегі артығымен орындалу 396 млрд теңгені құрады, республикалық бойынша – 255 млрд, жергілікті бюджет бойынша 141 млрд теңгені құрады», - деді Б.Сұлтанов.
Ведомство басшысының айтуынша, биылғы жылдың 11 айында өткен жылмен салыстырғанда бюджетке 31,8 пайыз өсім қосылды, республикалық бойынша – 41,1 пайыз, жергілікті - 13,6 пайызды құрады.
«Мемлекеттік бюджеттің жалпы кірісі 107,3 пайызға орындалды, республикалық-106,6, жергілікті-109,1 пайызды құрады. Жыл қорытындысы бойынша салықтық көрсеткіштердің 250-300 млрд теңгеге артығымен орындалуын күтіп отырмыз. Бұл Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт тартуға мүмкіндік береді. Сондықтан кіріс 100 пайыздан артығымен орындалады», - деді министр.
Ботагөз Айтжанова
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады