• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Оңалту және банкроттық туралы» заң жобасы «Doing Business» рейтингінде Қазақстанның позициясын арттырады

«Оңалту және банкроттық туралы» заң жобасы «Doing Business» рейтингінде Қазақстанның позициясын арттырады

11 Желтоқсан, 2013 11:07
Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының жобасын ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда мақұлданды, деп Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

«Заң жобасын қарау барысында депутаттар бірқатар нормаларды қарастырды. Олар кредитордың борышкерді банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне мүмкіндік беретін мерзімді ұлғайту сондай-ақ, банкроттықтың алдында борышкермен жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану үшін негіздерді кеңейту және нақтылау», - делінген хабарламада.

Заң жобасында көзделген іс-шараларды іске асыру банкроттықтың қазіргі жүйесін әлемдік стандарттар деңгейінде жетілдіруді қамтамасыз етеді, Дүниежүзілік банктің «Кредит алу» және «Төлем қабілеттілігін шешу» индикаторлары бойынша     «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның позициясын арттырады.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар