- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында 2017 жылы перинаталдық орталықтың құрылысы басталады
Ақтөбе облысында 2017 жылы перинаталдық орталықтың құрылысы басталады
Айта кету керек, Ақтөбе облысында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын ауқымды мерекелеу 2016 жылдың қаңтар айында басталған болатын. Күн сайын өңірде айтулы мерекеге арналған ондаған шара өткізіледі. Олардың әрқайсысы "Бірлік пен Жасампаздықтың 25 жылы" Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасына сай, әлеуметтік- экономикалық дамудың барлық саласын қамтыды.
Спорт сарайында өткізілген маңызды мерекелік шараға 3500 ақтөбелік қатысты. Сондай-ақ шарада облыстағы 12 ауданның барлығынан 22 мың тұрғын байланысқа қосылды. Олардың қатарында еңбек ардагерлері, Қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік орган басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен ұлттық-мәдени орталықтардың мүшелері, кәсіпкерлер және т.б. қатысты.
Мәселен соңғы 25 жыл ішінде өнеркәсіп көлемі- 1600 есе, тартылған инвестиция – 2400 есе, жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 40 есе, ЖӨӨ- 1350 есеге артқан. 1991 жылдан бері қарай тек мемлекеттік бюджет есебінен өңірде жалпы аумағы 6,1 млн. шаршы метр болатын 55 мың пәтер, 113 мектеп, 487 мектепке дейінгі ұйым, 700 спорт ғимараттары, 122 денсаулық сақтау нысандары, 1000 шақырымнан астам автокөлік жолдары салынып, барлық аудан орталықтары газдандырылды.
Туу көрсеткішінің 67,7%, халық санының 15%, өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа дейін өсуі – тәуелсіздік жылдары ішінде халық жағдайының жақсарғандығының дәлелі.
25 жыл ішінде аяғымызға нық тұрып, өмірлік тәжірибе жинақтадық. Мұның барлығы ел Президентінің көрегендігінің, оған деген халықтың үлкен сенімі мен қолдауының арқасында мүмкін болғандығын барлығымыз жақсы білеміз.
Ендігі біздің алдымызда тұрған ортақ мақсат – Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуін қамтамасыз етуіміз тиіс. Ол үшін бізде қажетті барлық алғышарттар бар – біз тиімді әлеуметтік-экономикалық жүйе мен тұрақты саяси институттарды құрдық. Тек қана аянбай еңбек етіп, ел мүддесі үшін бірлесе жұмыс жасау қажет, - деді облыс әкімі.
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері