Қазақстан Меккеде FEIIC Бас ассамблеясына қатысты

20 Желтоқсан, 2016 09:21
Сауд Арабиясы Корольдігінің Мекке қаласында 2016 жылғы 18-19 желтоқсанда әлемнің 20-дан астам елінен ғылыми-инженерлік академиялар мен бірлестіктердің басшылары, халықаралық ғылыми-инженерлік қоғамдардың өкілдері, белгілі инженерлер мен ғалымдардың қатысуымен Ислам елдері Инженерлік институттар федерациясының (FEIIC) Бас Ассамблеясы өтті.

Қазақстан FEIIC қызметіне белсенді қатысуда, 2011-2013 жылдары осы беделді халықаралық ұйымды басқарды. Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы (ҚР ҰИА) үш елді – Қырғызстан, Өзбекстан және Әзірбайжанды біріктіретін және «Инновациялар және даму» саласындағы жұмыс үшін жауапты оның өңірлік кеңсесі болып табылады, деп хабарлады ҚР ҰИА баспасөз орталығы.

Отырыстарда EQAPS инженерлік біліктілікті растау жүйесіндегі халықаралық стандарт мәселелері, әлемдік энергоресурстардың даму трендтері қаралды, сондай-ақ FEIIC өңірлік кеңселерінің есептері болды.  

FEIIC Бас Ассамблеясының жұмысына ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті, академик Бақытжан Жұмағұлов қатысты.    

Ол Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдің стратегиялық даму бағытында қазіргі энергетика мәселелеріне және оның ресурстық базасына, ХХІ ғасырда энерготехнологиялық дамуды болжау мен әртараптандыруға ерекше көңіл бөлетінін атап өткен баяндамамен сөз сөйледі.

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында академия ең ірі халықаралық және ұлттық ұйымдармен және бірлестіктермен ынтымақтастық жасай отырып, «Болашақтың энергиясы: инновациялық сценарийлер және оларды іске асыру әдістері» тақырыбына әлемдік практикада бірегей іс-шара - WSEC-2017 инженерлер мен ғалымдардың дүниежүзілік конгресін өткізеді. Бүгінгі күні Конгреске 80 елден 500-ден астам ықтимал қатысушы белгіленген.

FEIIC іс-шаралары «Болашақтың энергиясы» тақырыбы «Инновациялық даму» бағыты бойынша FEIIC мүшелері үшін жұмыстың негізгі бағыты ретінде айқындалған Келісімді қабылдаумен аяқталды. 

Барлық жаңалықтар