Астанада «Қазақ Елі» тарихи телесериалының тұсаукесері өтті

17 Желтоқсан, 2016 15:12
Қазақстанда Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында «Қазақ Елі» жаңа тарихи телесериалының тұсаукесері өтті.

Астанада «Қазақстан» орталық концерт залында «Алмас қылыш» көркем фильмінің көрсетілімі өтті («Қазақ елі» сериалының нұсқасы). Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. Фильмнің алғаш көрсетілімі Алматы қаласында өтеді.

Мәдениет және спорт министрлігінде хабарлағандай, осы ауқымды тарихи жоба идеясының авторы – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев.    

Астанада және Алматыда фильмнің алғаш көрсетілімін аша отырып, ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бұл фильмді қоюшылар тобының үлкен кәсіптік еңбегін атап өтті.  

Фильмнің сценарийі Ілияс Есенберлиннің «Алмаз қылыш» романы бойынша жазылған. Фильмнің түсірілімі Алматыда және Алматы облысында жүргізілген. Фильмді түсіруге 500 адам қатысқан, түсірілім бес айға созылған.  

«Алмас қылыш» фильмі жалпы ұлттық прокатқа 2017 жылғы қаңтарда шықпақ.  

Барлық жаңалықтар