- Басты
- Жаңалықтар
- Түркістанның 500 тұрғыны табиғи газбен қамтамасыз етілді
Түркістанның 500 тұрғыны табиғи газбен қамтамасыз етілді
Халықаралық маңызы бар «Бейнеу-Бозой» магистралды газ құбырының шарапатын көрушілер қатарында түркістандықтардың да саны артып келеді. Соның ішінде көгілдір отынның келуін асыға күткен қала жұртшылығына ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі қарсаңында қуанышты хабар тарады.
Ол – қала тұрғындарын газбен қамтуға бағытталған бірінші кезең бойынша желілік газ құбырлары құрылысының аяқталуы болатын. Жобаны іске қосу үшін Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев, қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Сәрсенбаев және «ҚазТрансГаз» АҚ Оңтүстік өндірістік филиалы басшысының орынбасары Е.Юсупалиев түркістандықтарға ыстық лебіздерін жеткізіп, газ құбырын іске қосты.
Құрылысы 2015 жылы басталған жобаға облыстық бюджет есебінен жалпы құны 1 млрд 120 млн теңге бөлінген. Қазіргі таңда шаһардағы «Сауран» ықшам ауданына толығымен газ тарату жүйелері жүргізіліп, жеке тұрғын үйлерге газ кіргізу жұмыстары жалғасуда. Жоба бойынша аталған ықшам аудан аумағындағы 7500 абонент табиғи газбен қамтылуы тиіс болса, бүгінгі күнге дейін 500-ге тарта абонентке табиғи газ кіргізілген. Алдағы күндері қалған абоненттерді газдандыру жұмыстары жалғасын таппақ.
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары