- Басты
- Жаңалықтар
- Риддерде көп бейінді спорт кешені ашылды (ФОТО)
Риддерде көп бейінді спорт кешені ашылды (ФОТО)
17 Желтоқсан, 2016 11:43
Тәуелсіздік күні қарсаңында Шығыс Қазақстанның Риддер қаласында 200 адамға арналған көп бейінді спорт кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
ШҚО Ақпарат орталығы хабарлағандай, жаңа заманауи ғимарат спорттың ойын түрлеріне арналған залды, күреспен, фитнеспен, хореографиямен айналысуға арналған алаңдарды, тренажер залын қамтиды.
Спорт кешені базасында бір мезгілде 200 адам спортпен айналыса алады. Көрермендер залының сыйымдылығы 230-дан астам орынды құрайды. Мұнда баскетбол, волейбол, футбол ойнауға, жеңіл атлетикамен айналысуға арналған залдар, тренажер кешені бар, көркем гимнастика бойынша сабақтар жүргізу жоспарлануда.
Ашылу күні спорт модулінде 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында шағын футболдан облыстық турнир өтті. Дәл осы уақытта шаңғыдан қалалық жарыс өтті. Жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етілді.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
ІІМ: Жалған вакцина паспорт иелерін анықтау мақсатында қандай жұмыс жүргізілуде -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Жалған вакцина паспорты мен ПТР анықтамасы үшін қандай жаза тағайындалады