- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы жылында ақтөбеліктер 5 мың пәтерге ие болды
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы жылында ақтөбеліктер 5 мың пәтерге ие болды
«Ақтөбе облысының басшылығы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша шаралар қабылдап жатыр. Тұрғын үйлердің, әлеуметтік нысандардың құрылысы - өңірде осы мақсатта жасалып жатқанның бір бөлігі ғана. Жалпы алғанда, биылғы жылы облыста «Қолжетімді тұрғын үй», «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламалары аясында және «ҚТҚЖБ» салым салушылары арасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары желісі бойынша 5000 пәтердің кілті табысталды», - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, соңғы 5 жыл ішінде қаржыландырудың барлық көздері есебінен 2,3 млн астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, бұл облыстың 19 мың отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Облыстың тұрғын үй құрылысында қаржыландырудың барлық көздері есебінен 163 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған. Ағымдағы жылы кемінде 580 шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында 2016 жылы тұрғын үйлердің тағы 23 блок-секциясының құрылысы басталды, бұл жалпы ауданы 75,9 мың шаршы метрді құрайтын қосымша 1278 пәтер. Үйлердің құрылысы 2017 жылы аяқталмақ. Бұдан бөлек облыс тұрғындарына алты мыңнан астам жер учаскесі берілген.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды