- Басты
- Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 нысандарын аралады
Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 нысандарын аралады

Мемлекет басшысы 1300 пәтерге арналған ЭКСПО қалашығын, «MEGA Silk Way» сауда-сауық орталығы ғимаратын, ЭКСПО офисін және «Энергия зерттеу орталығын» аралап көрді.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Алжир, Қатар, Қытай, Малайзия, Үндістан елдерінің экспозициясы орналасатын халықаралық павильондармен танысты.
Соңында Елбасы кеңес өткізіп, онда «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының халықаралық көрмеге әзірлік барысы туралы баяндамасын тыңдады.
" Қазіргі уақытта 112 ел көрмеге қатысатынын растады, соның ішінде 104 ел өздерінің комиссарларын тағайындады. 94 келісімге қол қойылып, 75 мемлекет ұлттық күнін өткізу үшін нақты датаны алдын ала белгіледі", – деді А.Есімов.
Кеңес барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа арнаулы халықаралық комиссия іріктеп алған энергетика саласындағы үздік 24 жобаға қатысты шешім жөнінде мәлімделді. Бұл жобалар көрменің арнаулы павильонында ұсынылатыны атап өтілді.
"Екі жылда аса ауқымды жұмыс атқарылды. Енді бұл нысандарды жабдықтап, тиісті кадрларды даярлауымыз қажет. Бұл – басты міндет, біз оны бақылауда ұстайтын боламыз", – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрге «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен және Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп, халықаралық мамандандырылған көрме аяқталғаннан кейін оның нысандарын әрі қарай пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырды.
-
Назарбаев Нығматулинді фракция жетекшілігіне ұсынды
-
Сайлау: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді
-
Назарбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
-
ҚР Тұңғыш Президенті күні: Н. Назарбаевтың үздік бастамалары мен пайдалы шешімдері
-
«Қазақ халқына көреген Ұлы көшбасшы бола білді»: Назарбаев хақында шетелдік сарапшылар пікірі
-
«Н.Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер». Қазақстан мен шетелдегі Елбасы пікірлестері халықаралық конференцияда бас қосты
-
«Nur Otan» партиясы мен «Birgemiz» қоры отбасыларға тағы 50 000 теңгеден береді
-
Н.Назарбаев: Абай - ескінің соңы мен жаңаның басын жалғаған алтын көпір
-
Назарбаев: Праймериздерді әділ, ашық және барлық қатысушы үшін тең жағдайда ұйымдастыру керек
-
Праймериз: Іріктеуге кімдер қатысады, өту тәртібі қандай/Үміткерлерге қандай талаптар қойылады
-
ҚР Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Асқар Маминмен кездесіп, елдің экономикалық дамуы жайлы сөйлесті
-
Ә.Назарбаеваның қоры ауруханаларға 233 оттегі концентраторын алып берді
-
ҚХР-ның ҚР-дағы елшісі Чжан Сяо Нұрсұлтан Назарбаевты 80 жасымен құттықтады
-
Денсаулық сақтау министрі Атырау облысындағы инфекциялық стационарды онлайн түрде аралады
-
Тоқаев Н.Ә.Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты

