- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да Тәуелсіздік күнін ұлықтау аясында мыңдаған шара ұйымдастырылды (ФОТО)
ШҚО-да Тәуелсіздік күнін ұлықтау аясында мыңдаған шара ұйымдастырылды (ФОТО)
Атап айтқанда, конференциялар, қайырымдылық акциялары, әлеуметтік нысандардың ашылуы және т.б. Ал бүгін облыстың әр елді мекені тіпті ерекше мерекелік көңіл күйге қанық шараға толы.
Облыстың бас шаһарындағы орталық алаңда таңертеңнен бері халықтық мереке өтіп жатыр. Сахнада өнерпаздар жиналған халыққа ән-күй мен әсем би тарту етсе, сол маңда ауылшаруалылығы тауарлары жәрмеңкесі жайылған. Мұнда арзандатылған бағамен ет, шұжық, балық, нан өнімдерімен қатар, жергілікті қолөнершілердің бұйымдарын алуға болады.
«Шығыс ұландары» арнайы сыныбының оқушылары үшін Тәуелсіздіктің 25 жылдығы ерекше есте қалмақ. Облыстың әр аймағынан келген 400-ге тарта оқушы патриоттық слетте салтанатты түрде ант қабылдап, оқушы билеттерін алды. Ал, Риддерде бұл күні спорттық модуль ашылды.
Облыстық жеке кәсіпкерлері де мереке күні сырт қалмады. Атаулы күн аясында ашылған, тауардың 20 000 астам түрі әлеуметтік бағамен саудаланатын, «City Center» супермаркетінде келушілерге тартулар жасалып, түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылған. Ең бастысы әрбір 25-інші сатып алушыға арнайы сыйлықтар берілуде.
Кешкілік бағдарлама негізінен жастарға бағытталып отыр. Бұл кеште көңіл көтеруге келген жандарға сыйлық -қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының бірі «Ринго» тобының өнері болмақ. Ал соңғы нүкте мерекелік от шашумен қойылады.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары