- Басты
- Жаңалықтар
- ҚХА: Тәуелсіздіктің 25 жылдығы – әрбір қазақстандық үшін ерекше күн
ҚХА: Тәуелсіздіктің 25 жылдығы – әрбір қазақстандық үшін ерекше күн
«Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді Отанымыздың ұлық мерекесі, еліміздің тарихындағы қасиетті күн – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтайды!
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы – әрқайсымыз үшін ерекше күн, өйткені онымен ата-бабаларымыздың азаттық туралы ғасырлар бойғы арманы, Ұлы Дала Елінің қалыптасуы мен асқақ жетістіктері тығыз байланысты.
Тәуелсіздігімізді жариялай отырып, біз әлемнің заманауи құрылымымен бірге өріліп, өркендеудің дербес жолына түстік. Даму басымдықтарымызды саралап, ел көшін бастайтын Елбасымызды таңдадық.
Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізді Еуразия континентінің озық еліне айналдырып, қоғамда татулық пен келісімді қамтамасыз етті.
Осы 25 жыл бойы біздің халқымызды бірлік ұғымы: ортақ құндылықтардың, мақсаттар мен міндеттердің, тағдырымыздың бірлігін түсіну біріктірді.
Біз Үлкен еліміздің біртұтас, жарқын болашақ – Мәңгілік Елге ұмтылған Үлкен отбасына айналдық.
Біз өзімізге және бүкіл әлемге халық бірлігі болған кезде халықаралық қауымдастыққа үлгі болар мемлекет құруға болатынын дәлелдедік.
Біз осы ширек ғасырда Тәуелсіз Қазақстан дәуірінде дүниеге келіп, татулық пен келісім идеясы – Болашағы біртұтас елді қалыптастыру идеясын қолдап, іске асыратын тұтас бір буынның өсіп шыққанын орынды мақтан ете аламыз.
Осы мереке сіздердің өмірлеріңіздегі ең жарқын, ғажайып күндер ретінде естеріңізде қалсын. Қуаныш пен мақтаныш көкіректеріңізді кернеп, армандарыңыз орындалсын.
Сіздерге зор денсаулық, береке мен ынтымақ тілейміз! Татулық пен келісім Отанымызды мәңгі мекендесін!
Байтақ Отанымыз – Ұлы Дала Елі мәңгілік жасай берсін!», - делінген Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесінің құттықтауында.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды