- Басты
- Жаңалықтар
- «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 120 әскери қызметшісіне пәтер кілті тапсырылды (ФОТО)
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 120 әскери қызметшісіне пәтер кілті тапсырылды (ФОТО)
Жарық және жанға жайлы пәтерлер аталған әскери бөлімде бұдан бұрын болған әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық мәселесін толыққанды шешуге мүмкіндік берді. Енді әскери қызметшілердің 120 отбасы жайлы пәтерлермен қамтамасыз етілді.
Салтанатты және мерекелі күнде «Оңтүстік» ӨңҚ қолбасшысы генерал-майор Марат Құсайынов әскери қызметшілер мен олардың отбасыларын құттықтады. «Елбасы мен Қорғаныс министрлігінің 2016 жылы шешкен басты мәселелерінің бірі әскери қалашықтардың инфрақұрылымын жетілдіру, әскери қызметшілердің алаңдамай, бейқам қызмет етуі үшін олардың отбасы мүшелеріне қолайлы жағдай жасау болып табылды. Сіздің полкіңіздің барлық жеке құрамына қажырлы еңбекте сәттілік, жаңа пәтерде отбасылық бақыт, қоныстой тойлауда қуаныш, береке және мықты денсаулық тілеймін», - деді ол.
Баспанамен қамтамасыз ету қазақстандық әскери қызметшілерге әлеуметтік қолдау көрсетудің басымдық бағыттарының бірі болып табылады. Бұл мәселеге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ерекше назар аударады. Жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінде тұрғын үйді күрделі жөндеу, салу және пәтерлерді сатып алу арқылы пайдалануға беру әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің өмір сүру және әл-ауқат деңгейі жақсара түседі.
-
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселері қандай шаралар өткізіп жүр -
Жамбылдағы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне дауыс беру басталды -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ержелеріне енген өзгерістер. Тұрғындар нені білу керек -
Қарулы Күштерде әскери қызметшілер мен курсанттар үшін 19 сайлау учаскесі құрылды -
Үкімет отырысы: еңбек құқықтарының сақталуы мен уақытылы еңбекақыны қадағалау тапсырылды -
Қазақстанның әскери ғылымы: іс жүзінде қолдануға арналған бағыт
-
Қарулы Күштерде жыл қорытындысы бойынша үздік әскери қызметшілер марапатталды -
Жауынгерлік даярлық: тренажерлардан әскери техникаға -
Тоқаев Мәскеудегі әскери парадқа қатысты