• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысында тәуелсіздік жылдарында 3 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды

Жамбыл облысында тәуелсіздік жылдарында 3 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды

15 Желтоқсан, 2016 18:49
Жамбыл облысында тәуелсіздік жылдарында 3 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді, деді облыс әкімі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын барысында.

«Біз жылдың басты оқиғасы – Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өтудеміз. Осы уақыт ішінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен бір дәуірге тең жетістіктер жолын өттік. Әлеуметтік дамудың барлық салаларында: денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету салаларында ауқымды реформалар іске асырылды. Жамбыл облысы да экономикалық өсудің сенімді көрсеткіштерін, оң жетістіктер мен алға қарай ілгерілеуді көрсетіп отыр», - деп атап өтті өңір басшысы.

Ол химия өнеркәсібі, металлургия саласы жаңартылғанын, қант зауыттары жаңғыртылғанын, табиғи газ өндірудің реттелгенін айтты. «Еврохим-Тыңайтқыштар» ЖШС және «Химпарк-Тараз» арнайы экономикалық аймағының ірі жобаларын іске асыру басталды, «TalasInvestment Company» ЖШС натрий цианидін өндіру бойынша бірегей зауыт іске қосылды.

Бұдан бөлек, жиын барысында Еліміздің Тәуелсіздігі күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін марапатталған өңір тұрғындарына мемлекеттік наградалар табыстау рәсімі өтті. 

Барлық жаңалықтар