- Басты
- Жаңалықтар
- Берлинде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне орай салтанатты қабылдау өтті
Берлинде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне орай салтанатты қабылдау өтті
«Қазақстандықтарды ұлттық мейраммен құттықтауға 1000-нан аса қонақ, оның ішінде: ГФР-дың көрнекті қоғамдық және саяси қайраткерлері, Бундестаг, ландтаг депутаттары, министріліктер мен ведомстволардың басшылары, мәдениет қайраткерлері, дипломатиялық корпус, БАҚ, қазақ диаспорасы, студенттік жастар, сонымен қатар Германияның іскер топтары өкілдері келді. ГФР Сыртқы істер министрі Г.Вестервелленің аталған іс-шараға қатысуы айырықша оқиға болып табылды. Бұл ынтымақтастықтың жоғары деңгейін және Германияның Қазақстанға ерекше ықыласын көрсетеді», - делінген хабарламада.
ҚР ГФР-дағы Елшісі Нұрлан Онжанов өз сөзінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен елімізде атқарылып жатқан негізгі жетістіктер мен табыстарға тоқталды. Қазақстандық дипломат Германия өкілдеріне 2012 жылдың ақпанында Мемлекет басшысы мен Федералдық канцлер Ангела Меркель арасындағы келіссөздер барысында қол жеткізілген келісімдерді орындау бағытындағы жемісті және өзара тиімді ынтымақтастық халықаралық ұжымдары аясында біздің елдердің табысты жетістіктері үшін алғыс білдірді.
Мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық дамуға оң баға берілді. 2013 жылдың 3 тоқсанында өзара сауда айналымының көлемі 14,7 пайызға өсіп, 4,7 млрд. евродан асты.
Кеш барысында германдық әріптестер Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастығының жоғары потенциалын атап өтіп, Қазақстан халқына алдағы уақытта тұрақтылық және өркендеу тіледі. Жиналған қонақтар біздің еліміздің халықаралық аренада беделінің, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қарқынды артып келе жатқанын, сонымен қатар «G-Global» және «АТОМ» секілді Қазақстан ұсынған ірі сыртқы саяси бастамалардың өзектілігін және практикалық бағытын атап өтті.
Қазақстан мәдени кеші Е.Құсайыновтың басшылығымен фольклорлық ансамбльдегі қазақ халық аспаптарының асқан шеберлікпен орындалуымен ерекшеленді. Неміс көрермендері шаңқобыз, сыбызғы, саз-сырнай, қауырсын-сырнай, жетіген, домбыра тағы басқа ұлттық аспаптардың орындауындағы академиялық, осы заманғы және халық музыкаларының үндескен үнінен рахат алды. Қамыстан, сүйектен және қаз қауырсынынан жасалған еш нәрсемен салыстыруға келмейтін бірегей туынды-қазақ аспаптарының тембрі қазақстандық әншілерінің өлең айтуымен үйлесім тапты.
Неміс аудиториясы қызу қол шапалақтаумен алыс Германияда біздің еліміздің рухани мәдениетін тағы бір мәрте қайта жаңғыртқан Қазақстанның қайталанбас таланттарына өзінің қошеметін көрсетті.
Казақтың қонақжайлық дәстүрі бойынша ұлттық бай дастархан жайылып, қонақтар ұлттық негізде дайындалған тамақтардан дәм татуға мүмкіндік алды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты