• Басты
  • Жаңалықтар
  • Өзбекстан Президенті қазақстандық халықтың өсіп-өркендеуіне тілектестік білдірді

Өзбекстан Президенті қазақстандық халықтың өсіп-өркендеуіне тілектестік білдірді

15 Желтоқсан, 2016 15:31
Қазақстан Президенті Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, халқымыздың одан әрі өсіп-өркендеуіне тілектестік білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының Президенті лауазымына ресми түрде кірісуімен құттықтады.

Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылап, Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығын жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан жағы бастамашы болды.

Барлық жаңалықтар