- Басты
- Жаңалықтар
- Ресей Федерациясы ЭКСПО-2017 көрмесіндегі павильонын алды
Ресей Федерациясы ЭКСПО-2017 көрмесіндегі павильонын алды
Басқосуда екі жақ ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру мәселесін талқылады. Кездесуде Ахметжан Есімов америкалық делегация өкілдеріне «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық барысының соңғы кезеңі туралы баяндады. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Басқармасының Төрағасы барлық жұмыстардың кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Өз кезегінде, Георгий Каламанов Астана қаласында өтетін халықаралық көрмеде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша өздерінің технологияларын көрсету мүмкіндігі үшін ризашылығын білдірді. «Қазіргі таңда Ресейдің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы туралы барлық мәселелер шешілді. Айталық, қатысу тұжырымдамасы, бірқатар ұйымдастыру жұмыстары атқарылды. Ресейлік компаниялар қосылуға әзір. Көрме тақырыбы біз үшін өте маңызды. Сондықтан барынша аянып қалмауға тырысамыз», - деді Ресей секциясының комиссары.
Кездесу соңында РФ павильонын тапсыру бойынша құжаттарға қол қойылды. Павильон аумағы – 1008,6 шаршы метр. Ресей делегациясының келісімі бойынша келесі жылдың қаңтар-ақпан айларында павильонның мазмұнын толтыруға кіріседі.
Бүгінде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмеге 112 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым қатысатындығын растады.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды