- Басты
- Жаңалықтар
- Сарапшылар Қазақстанның экономикалық өсім бойынша әлемдік көшбасшылар қатарына қосылатынын болжады
Сарапшылар Қазақстанның экономикалық өсім бойынша әлемдік көшбасшылар қатарына қосылатынын болжады
«Біздің ел қазақстандық экономикалық табыстың үлгісі. Экономика бойынша Ноболь Премиясының лауреаты Финн Кюдланд Қазақстан қарқынды дамып жатқан елдердің бірі екенін атап өткен. 2012 жылы біздің экономикамыз 20 есеге өсті. 25 жылдың 17 жылында экономика өсімге ие болды. Жақын арадағы 10-20 жылда экономика өсімі бойынша көшбасшы елдердің қатарына енеді», - деді Мемлекет басшысы.
Алайда қазақстандық экономиканың табыстылығы Н.Назарбаев айтқандай одан да тереңде жатыр. Біріншіден, өз ісін ашқан кәсіпкерлер тиімді жұмыс істеуде, олардың саны 1 млн 300 мың кәсіпкерлік құрылымды құрайды. Екіншіден, тәуелсіздік жылдары коммуникация, өндіріс, транспорт, электртасымал саласының бірыңғай жүйесі қрылды. Қазір «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырумен қатар бірыңғай көліктік жүйені құру да аяқталып келеді. 1000 шақырым автомобильдік және 3 мың темір жол салынды. Үшіншіден, 90-шы жылдардың басында Қазақстанда ештеңе экспортталмады. Бүгінде еліміз 119 елге өнімінің 2 500 түрін экспорттап отыр.
«Біздің экспортымыз 50 млрд долларды құрады. Біз астық өңіріне айналдық. Екінші индустриялды бесжылдықты жүзеге асырып жатырмыз. 1000 жаңа өндіріс салынды. Бұрын-соңды бізде автомобиль, вагон, тікұшақ құрастыратын зауыттар болмаған», - деді Н.Назарбаев.
Төртіншіден, Елбасы атағандай, халық игілігіне 260 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция қызмет етіп жатыр.
«Мен Қазақстанның достары мен барша инвесторларға алғыс білдіремін. Халықаралық дәрежеде біздің технология мен ғылымды дамытуға үлес қосқаны үшін үлкен алғыс. Біз ынтымақтастығымызды жалғастырамыз», - деді Елбасы.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды