- Басты
- Жаңалықтар
- Қазпочта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап марка шығарды (ФОТО)
Қазпочта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап марка шығарды (ФОТО)
Пошталық маркаға мөр басу салтанатына «Самрұқ Қазына» компаниялар тобында 25 жыл бойы қызмет атқарып, экономикалық маңызы бар салаларды дамытуға өз үлестерін қосқан қызметкерлер қатысты. Мөр басу рәсімін «Қазпочта» АҚ, «Казақтелеком» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ және «Қазақстан Темiр Жолы» АҚ қызметкерлері өткізді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
«Бүгін біз телефондық байланыс, темір жол және атомдық энергетика салаларының қызметкерлерімен бірлесе Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай шығарылған пошталық марканы айналымға енгіздік. Мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдарында өткен жолын біздің қызметкерлеріміз де өтті. Мөр басу рәсіміне қатысқандардың әрқайсысы өмірінің 25 жылын еліміздің өркендеуіне арнады» - деп «Қазпочта» АҚ Басқарушы Директоры, Егембердиева Сауле бөлісті.
Марканың басылымы төрт бояулы, офсетті баспа, перфорациясы жоталы. Шығарылым түрі – 20 маркадан тұратын маркалы парақ. Парақтық өлшемі 168 х 200 мм, әрбір марканың өлшемі 28 40 мм. Пошталық марканың белгіленген бағасы 100 теңге. Таралымы 7500 дана. УФ – бояулы қорғанысы бар элементтер қолданған. Суретші Ксения Плужникова. Пошталық марка «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкнот Фабрикасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылды.
1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң қабылдады. Сол күннен бастап өз конституциясы, валютасы мен ішкі және сыртқы саясаттағы даму бағыты бар егеменді мемлекеттің қалыптасуы басталды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді