Н.Назарбаев: ХХІ ғасырда әлемге тыныштық керек!

17 Желтоқсан, 2016 10:03
2016 жыл Қазақстан үшін шын мәнінде тарихи жылға айналды. Қазақстанның беделін сыртқы және ішкі саясат басымдылықтары нақты орнатылған ел ретінде бекіткен едәуір оқиғалар орын алды.

Биыл еліміз тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойын, Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығын атап өтуде, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесіне айналды, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың манифесі Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми құжаты мәртебесіне ие болды. Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысының басшылығымен Қазақстанның саясаты ел ішінде де, сыртта да үнемі бейбітшілік пен келісім бастамаларына негізделді.

Осыған байланысты, әсіресе тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлау күні Қазақстанның нақты шараларының жалғасына айналған Н.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесіне баса назар аудармақпыз.

«ХХІ ғасырда әлемге тыныштық керек! Бұл – шетін мәселе!», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

«Адамдардың өткен ғасырдағы жасағаны секілді, ХХІ ғасырда да бейбітшілік үшін байыптылықпен және табандылықпен күресу керек. Біз балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы туралы ойлауға тиіспіз. Өткен ғасырлардың қасіретті қателіктерін қайталауға жол бермей, әлемді соғыс қатерінен түпкілікті арылту үшін бүкіл әлем үкіметтерінің, саясаткерлерінің, ғалымдарының, бизнесмендерінің, өнер қайраткерлерінің және миллиондаған адамдарының күш-жігерін жұмылдыру қажет. Іс-әрекетсіз отыру немесе бітімгершілік қызметпен айналысқан кейіп көрсету әлемдік апатпен барабар», - деп жазады құжатта Н.Назарбаев.

Ұлт көшбасшысының пікірі бойынша, манифест ХХІ ғасырда өмір сүретін және жұмыс істейтін өскелең ұрпақтың тағдырына шынайы алаңдаушылықтан туындап отыр.

«Біздер, мемлекет басшылары мен саясаткерлер, адамзаттың болашағы үшін зор жауапкершілік арқалап отырмыз. Көптеген тар жол, тайғақ кешуден өткен адам, саясаткер ретінде, Семей ядролық полигонын жабу туралы күрделі шешім қабылдаған мемлекет қайраткері ретінде мен әлемдік лидерлер мен бүкіл халықаралық қоғамдастыққа ақыл-парасатқа жүгініңдер деген табанды талаппен қайрылып отырмын. Адамзатты ажал сепкен соғыс қатерінен мүлде арылту үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Біз үшін қазір және таяу болашақта бұдан көкейкесті міндет жоқ», - делінген манифесте.      

Осыған орай, Мемлекет басшысы адамзатқа «ХХІ ҒАСЫР: СОҒЫССЫЗ ӘЛЕМ» атты кең ауқымды бағдарлама ұсынды. Бұл жаһандық стратегия ұлттың соғыстар мен жанжалдардың вирусын жою жөніндегі үйлесімді және жауапты іс-әрекеттерін айқындауға тиіс.

Көптеген отандық сарапшылар, сондай-ақ шетелдік сарапшылар да Н.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі Президенттің барлық халықтарға және әлем көшбасшыларына жаһандық соғысқа қарсы жолдауы деп санайды.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық қатынастардың қазіргі жағдайы мен уақыт талабына жауап беретін Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты мәселелерінің тәсілдерін практикада тұжырымдамалық түрде негіздеді және іске асырды. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Қазақстан жетістікке қол жеткізді, тұрақты және жоспарлы саясаты салыстыра тексерілген беделді мемлекетке, сондай-ақ сыртқы саясат басымдылықтары нақты орнатылған мемлекетке айналды», - деді Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Рашид Әлімов.

«Қазір Қазақстанда маңызды оқиғалар өтуде. Мен елші ретінде Қазақстанның БҰҰ тұрақты емес мүшесіне сайлануында, Қазақстанның кандидатурасы айтарлықтай артықшылық көрсететінін атап өткім келеді», - деп атап өтті Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Михаил Бочарников.

«Әлемдегі жағдай айтарлықтай күрделі: бір даулар басылса, бірден жаңалары пайда болады. Осы лаңкестік қараңғылығы, көші-қон дағдарысы, даулардың арасында «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі сенім дауысы болып көрінеді», - деп санайды ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Зарема Шәукенова.

2017 жылдан бастап еліміз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде тұрақты емес мүше мәртебесінде жұмысқа кіріседі және бұрын атап өтілгендей, Н.Назарбаевтың манифесінің мақсаттары мен міндеттері қазақстандық тараптың жұмысында негіз болады.

Барлық жаңалықтар