- Басты
- Жаңалықтар
- 6 жылда дәрілік заттармен 20,4 млн. қазақстандық қамтамасыз етілді - ДСӘДМ
6 жылда дәрілік заттармен 20,4 млн. қазақстандық қамтамасыз етілді - ДСӘДМ
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған мақсатқа республикалық және жергілікті бюджеттен 820,3 млрд. теңге бөлінген болатын.
Айта кету керек, азаматтарды ТМККК аясында амбулаторлық деңгейде дәрілік заттармен қамтамасыз ету жыл сайып ұлғайып келеді: 2011 жылғы 776 мың адамнан 2016 жылы 2 млн. 47 мыңға өссе, қаржыландыру көлемі – 43,3 млрд. теңгеден (2011 жыл) 88,6 млрд. теңгеге (2016 ж.) артты.
Халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстанда дәрілердің, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың сапасын бақылау мен оларды тіркеу қызметі реттелген. Дәрілік заттарды бірыңғай жеткізуші ретінде құрылған «СК Фармация» ЖШС сатып алу шараларын логистиканың, сақтау мен дистрибуцияның халықаралық стандарттарына барынша сай болуына септігін тигізіп, денсаулық сақтау ұйымдарына дәрілік заттарды уақытылы әрі үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуде.
Амбулаторлық деңгейде дәрілермен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі жұмыс істеуде, ол аталған процестің тазалығы мен мөлдірлігін қамтамасыз етеді. Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр құрылды, дәрілік ақпарат орталықтары жұмыс істеуде, контрафактілік және бұрмаланған препараттарды анықтауға арналған жылжымалы экспресс-зертханалар сатып алынды.
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары