- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да 2016 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 4,7%-ға артты
ҚР-да 2016 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 4,7%-ға артты
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2016 жылғы қаңтар-қарашада 2015 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 100,5% құрады.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 60%-н аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2016 жылғы қаңтар-қарашада негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 6599,1 млрд. теңгені құрды, бұл 2015 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 4,7% артық.
2016 жылғы қаңтар-қарашада өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 16663,7 млрд. теңгені құрды, бұл 2015 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 1,4% азайды. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,5%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 0,3% артты. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 3,1%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 4,7% төмендеді.
2016 жылғы қаңтар-қарашада ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 3410,8 млрд. теңгені құрап, 2015 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 4,5% артты.
2016 жылғы қаңтар-қарашадағы «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 103,8%-ды құрды.
2016 жылғы қаңтар-қараша жүк айналымының көлемі 465,7 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) немесе 2015 жылғы қаңтар-қарашаға 100,1% құрады. Жолаушылар айналымының көлемі 240,4 млрд. жкм құрап және 3,7% артты.2016 жылғы қаңтар-қарашадағы «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 97,7%-ды құрды.2016 жылғы қаңтар-қарашадағы «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 98%-ды құрды.
2016 жылғы қаңтар-қарашада бөлшек сауда көлемі 6741 млрд. теңгені немесе 2015 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 100,5% құрады (салыстырмалы бағада).
2016 жылғы қаңтар-қарашада көтерме сауда көлемі 15858,7 млрд. теңгені немесе 2015 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 96,6% құрады (салыстырмалы бағада).
2016 жылғы қаңтар-қазанда сыртқы сауда айналымы 49274,4 млн. АҚШ долларын құрап, 2015 жылғы каңтар-қазанмен салыстырғанда 24,4% төмендеді, оның ішінде экспорт – 29074,5 млн. АҚШ долларын (25,9% аз), импорт – 20199,9 млн. АҚШ долларын құрады (22,2% аз).
2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 382077 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,5% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 373092 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 235471 құрады, оның ішінде 226946 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).
Тұтыну бағасының индексі 2016 жылғы қарашада 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 107,5% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 7,8%, азық-түлік емес тауарларға – 8,6%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге – 6%-ға өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2016 жылғы қарашада 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 17,5% жоғарылады.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары