• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев: Тәуелсіздіктің 25 жылдығы – біздің буынымыздың теңдессіз ерлігі (ФОТО)

Н.Назарбаев: Тәуелсіздіктің 25 жылдығы – біздің буынымыздың теңдессіз ерлігі (ФОТО)

15 Желтоқсан, 2016 11:27
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты шарада құттықтау сөз сөйледі.

«Отанымыздың мерейтойы құтты болсын. Бұл барша қазақстандықтардың ортақ мерекесі.  Тәуелсіздіктің  25 жылдығы – уақытқа берілмеген біздің буынымыздың теңдессіз ерлігі.Тәуелсіздік – қанатты үміт,  миллиондаған адамның орындалған арманы. Осы жылы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелікке енуі өте орынды. Біз Кеңес одағының 15 бөлігі ретінде бөлек жолды бастадық. Тәуелсіздікті  жаһандық рөл арқылы  қарсы алдық. Баршаңызды бұл жауапты миссиямен құттықтаймын», - деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, салтанатты шарада  ҚР Парламент депутаттары, мемлекеттік наградалардың  иегерлері, ҚХА өкілдері, білім, медицина ғылымдары мен интеллигенция мен спорт саласының  өкілдері, Қазақстанның  6 облысының делегаттары қатысты.

Сурет: Бауыржан Жуасбаев 

Барлық жаңалықтар