Джакартада ҚР Тәуелсіздік күніне арналған қабылдау өтті

11 Желтоқсан, 2013 10:30
Джакартада Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 22 жылдығына арналған салтанатты қабылдау өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

«Шараға СІМ өкілдері, Индонезияның өзге де министрліктері мен ведомство  өкіледері, Джакартада тіркелген дипломатиялық миссия басшылары, қоғамдық, академиялық және іскерлік орта өкілдері, БАҚ және Индонезиядағы қазақ диаспорасы өкілдері қатысты», - делінген хабарламада.

Индонезия Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрі Джеро Вачик тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның жоғары өрлеуіндегі Н.Ә.Назарбаевтың қайраткерлігін баса айтты. Сонымен қатар, ҚР Президентінің өткен жылғы Индонезияға сапарының маңызын атады. Екі ел басшыларының өзара барыс-келістері тараптар арасында үлкен әріптестік тудырғанын мәлімдеді.

Домбырашылар мен қобысшылардың қазақ ұлттық ән-күйі мен классикалық күйлерді орындауы салтанатты шараға ұлттық сипат қоса түсті.

Шара аясында тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жеткен жетістіктері жайлы фильм көрсетіліп, фотокөрме ұйымдастырылды.

Барлық жаңалықтар