Елорданың 4 мыңнан аса тұрғыны 2016 жылы санаториялық-курорттық ем-дом алды

15 Желтоқсан, 2016 16:32
2016 жылдың басынан бері Астана қаласының 4098 тұрғынына, соның ішінде 1800 зейнеткерге, ҰОС 260 ардагеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға, мүмкіндігі шектеулі 2038 тұлғаға санаториялық-курорттық ем-дом көрсетілді, деп хабарлайды Астана қаласының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы.

Егде жастағы және еңбекке қабілетсіз азаматтарға қызмет көрсетуші ұйым Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы болып табылады.

Сонымен қатар, 2015 жылдан бері Астанада егде жастағы азаматтарға, мүгедектерге және мүгедек-балаларға арналған 540 төсек-орынға есептелге, бес реттік тамақтандыру қарастырылған Оңалту орталығы жұмыс істейді. Орталық Щучинск-Бурабай курорттық аймағында Қатаркөл көлінің жағасында экологиялық таза орман алқабында орналасқан.

2015 жылдың қазанынан бері Астанада санаториялық-курорттық ем-дом қызметтері келесі азаматтарға көрсетіледі: жасы бойынша зейнеткерлерге жолдама құнының 35%-ын төлеумен, зейнетақының ең төменгі көлемін алушылар қатарынан жасы бойынша зейнеткерлерге жолдама құнының 25%-ын төлеумен.

 

 

Барлық жаңалықтар