• Басты
  • Павлодарда Орталық Азиядағы ең ірі көпір өткелі ашылды
15 Желтоқсан, 2016 10:53

Павлодарда Орталық Азиядағы ең ірі көпір өткелі ашылды

Павлодар облысында Ертіс өзені арқылы өтетін Орталық Азиядағы ең ірі көпір өткелі ресми түрде ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Павлодарда  Орталық Азиядағы ең ірі көпір өткелі ашылды | Strategy2050.kz

Көпірдің ашылу салтанатына Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов, ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішенбаев және облыстың қоғам өкілдері қатысты.

«Бүгін біз күн еліміз үшін тарихи болып табылатын оқиғаның куәсі болып отырмыз.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аймағымызда бірегей көпір өткелі ашылып отыр. Көпірдің ашылуы – еліміздің тәуелсіздігі жылдары орын алған ең маңызды оқиғалардың бірі. Осының бәрі Елбасының сарабдал саясатының арқасында», - деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі нысанды уақтылы тапсырған құрылысшыларға алғысын білдіріп, көпір өткелі бойынша қозғалысты ресми түрде іске қосты.

Жаңа көпірдің ашылуы Ақсу мен Павлодар арасындағы жолды 15 километрге қысқартады, еліміздің шығыс өңірлерінен орталық аймаққа қатынайтын транзиттік көліктер қала ішіне кірмейді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша басталған көпір құрылысы «Нұрлы жол» бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.

Көпір өткелі ресми ашылған соң облыс тұрғындары көптен күткен көпір арқылы еркін жүре алады. Нәтижесінде өңірімізде жаңа жол торабы пайда болады. Бұл көпір Қазақстанның орталық бөлігін  Ресейдің көршілес өңірлерімен байланыстырады.

Аркалы көпір жаңа технологияларға сәйкес вант тәрізді иілгіш көлбеу аспаларды қолданумен жасалды. Орталық арка Қазақстанда тұңғыш рет арқандар мен көтергіштердің «Heavy Lifting» мамандандырылған гидравликалық жүйесін қолдану арқылы орнатылды.

Ұзындығы 12,3 шақырымдық көпір өткелінің құрылысына 13 500 тонна металл құрастырылым, 150 000 текше метр бетон жұмсалды. Жолдың жүретін бөлігі 4 жолақтан тұрады, тәулігіне көпір арқылы 10 мыңға жуық автокөлік өтеді деп жоспарланған. Жаңа жолдың арқасында транзиттік көліктің жолын 40 километрге қысқарту мүмкіндігі туды.

Көпір құрылысына 1800 адам, 700 бірлік техника, 6 бірлік су құралы, Павлодар облысы шағын және орта бизнесінің көлік қызметі, қоғамдық тамақтандыру және басқа да салаларда жұмыс істейтін 100-ге жуық кәсіпорны жұмылдырылды.

Құрылысқа пайдаланылған материалдардың басым бөлігі жергілікті және қазақстандық өндірістің тауарлары (қиыршықтас, цемент, темір-бетон). Жұмысқа жергілікті тұрғындар тартылды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды