- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында полиметалдар өндіретін фабрика жылына 150 мың тонна кен шығаратын болады
Ақмола облысында полиметалдар өндіретін фабрика жылына 150 мың тонна кен шығаратын болады
Бірінші болып Күсеп ауылдық округінде орналасқан полиметалдарды (алтын, күміс, мырыш, қорғасын) өндіру, өңдеу және байыту бойынша «Горизонт» тау-кен өнеркәсіптік компаниясы» ЖШС фабрикасының салтанатты ашылуы өтті. Осы жобаның жалпы құны 1,7 млрд теңгені құрады. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы жылына 150-200 мың тонна кенді құрайды.
Ашылу күніндегі жұмысшылардың саны 52 адамды құраса, жобалық қуаттылыққа шығу кезінде тұрақты жұмыс орындарының санын 100-ге дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Екінші ашылған нысан Қонысбай ауылдық округінде «Blic Terminal» ЖШС-ның жалпы құны 900 млн теңге, өндірістік қуаттылығы тәулігіне 120 тонна тұқым немесе 40-50 тонна май шығаратын, майлы дақылдарды өңдеу зауыты болып табылады.
Сондай-ақ, осы кәсіпорында өңдеу қуаттылығы тәулігіне 70 тонна астық шығаратын алғашқы диірмен кешені салынды. Зауытта қазір 40 адам жұмыс істеуде, ал жобалық қуаттылығына шыққан кезде жұмыс орындарының жалпы саны 120 адамды құрайды.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты