- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысындағы жаңа зауыт жылыжай кешендері үшін конструкцияларды шығарады (ФОТО)
Алматы облысындағы жаңа зауыт жылыжай кешендері үшін конструкцияларды шығарады (ФОТО)
Бірінші нысан «Холонд Грин Тек» ЖШС-ның жылыжайларға арналған металл құрылымдарын шығаратын зауыты Елтай ауылдық округіндегі Көкөзек ауылында ашылды. Тартылған инвестиция көлемі 2,1 млрд. теңге, 30 жұмыс орны құрылған. Жобалық қуаты - күніне 8 тонна каркас шығара алады. Өндірісте голландиялық технология қолданылады.
Зауыт директоры С.Бисембаевтың айтуынша, компанияның негізгі қызметі – инженерлік және техникалық құрал-жабдықтар жеткізу, өндірістік жылыжай кешендері үшін конструкциялар шығарып, құрастыру, жылыжай кешендерін толығымен орнату, сол сияқты жылыжай шаруашылықтарының жұмысына агрономиялық қолдау көрсету.
Бүгін іске қосылған екінші нысан Жармұханбет ауылында орналасқан. «Алматы шыны» ЖШС-ның бұл зауыты шыны ыдыстарын шығарады және декорациялайды. 400 жұмыс орнын құрып отырған бұл зауыттың инвестициясының сомасы 12,2 млрд.теңге.
Кәсіпорын шыны ыдыстарын шығаратын жоғары өнімділікті құрал-жабдықтары бар жаңа технологиямен қамтамасыз етілген. Өндіріс процесінің соңғы кезеңінде өнім қапталады, бұл өз кезегінде өндіріс өнімінің сапалы сақталуы мен тасымалдануына мүмкіндік береді.
Зауыт базасында жұмысшылар үшін 2 жатақхана салынып, оларды үш уақыт тегін тамақтандыратын асхана жұмыс істейтін болады.
Компания директоры А. Абдуллаевтың сөзіне сүйенсек, «Алматы шыны» зауыты түрлі пішіндегі шыны ыдыстармен қатар шыны банкілер шығармақ. Сол сияқты шыныдан жасалған бұйымдарды брендтайтын болады. Бұл өнімдер үшін отандық материалдар қолданылатынын да атап өту керек.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді