• Басты
  • Жаңалықтар
  • Назарбаев орталығында Тәуелсіздік Күніне орай көркемөнер мектебінің көрмесі ашылды

Назарбаев орталығында Тәуелсіздік Күніне орай көркемөнер мектебінің көрмесі ашылды

11 Желтоқсан, 2013 10:13
Бүгін Астанада Назарбаев орталығында балалар көркемөнер мектебінің 30 жылдығына және ҚР Тәуелсіздік күніне арналған мерейтойлық көрме ашылды. Бұл туралы елордалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Көрмеге көркемөнер мектебінің түлектерінің және педагогтарының түрлі жанрда және стильдерде, дәстүрлі және қазіргі заманғы техникалармен орындалған еңбектері қойылады. Атап айтқанда, сәндік-қолданбалы өнер, батик, ағашқа ою-өрнек салу, киіз заттар, ұлттық нақышта жасалған ыдыс-аяқтар, киім-кешектер мен әшекейлер, маймен, графикада, акварельмен салынған картиналар, сондай-ақ, былғары, ағаш, саз, металл өнімдер мен мүсіндер», - делінген хабарламада.

Көрмеде көрермендер назарына 200 астам туынды ұсынылады.

Айта кетейік, ЮНЕСКО клубы - балалар көркемөнер мектебі 1983 жылы құрылды. 

Барлық жаңалықтар