- Басты
- Жаңалықтар
- Астанадағы көрмеде маңызды саяси құжаттар таныстырылды (ФОТО)
Астанадағы көрмеде маңызды саяси құжаттар таныстырылды (ФОТО)
Экспозиция қоғамда және экономикада маңызды өзгерістер жасайтын, халықтың әл-ауқатын көтеретін 25 мемлекеттік салалық бағдарламалар жөніндегі ақпараттарды қамтиды. Өткен жылдар тәжірибесі көрсеткендей, 25 жылда тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері маңызды бағдарламалардың іске асуының нәтижесі болып табылады.
Көрмеге басым бөлігі саяси құжаттарды құрайтын 200-ге жуық материал қойылған. Олардың ішінде - 1991 жылғы 16 желтоқсандағы Н.Назарбаевтың қызметіне кірісуіне арналған ҚР Жоғарғы Кеңесінің салтанатты мәжілісінің стенограммасы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР конституциялық заңы; 1991 жылғы 21 желтоқсандағы ТМД құру туралы Алматы декларациясы; ББҰ бас хатшысы Хавьер Пересаде Куэльярға Қазақстанды ББҰ мүшелігіне қабылдау туралы ҚР Президентінің өтініші; «Ұлттық валюта – теңгені енгізу туралы» Қазақстан Президентінің қазақстандықтарға жолдаған үндеуі; 1996 жылғы 16 мамырдағы ҚР дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан елдердің тізімі; 1997 жылғы 20 қазандағы «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» Президенттің Жарлығы; «Семей ядролық сынақ алаңын жабу туралы» Жарлық; «Нұрлы көш» бағдарламасына қатысушы оралмандар жөніндегі материалдар; Астана қаласы Балалар құқығын қорғау департаментінің құжаттары; «Астана – жаңа қала» Арнайы экономикалық аймағы бас дирекциясының құжаттары ж.б. бар.
Сондай-ақ, көрмеге келушілерге фотосуреттер (Семей сынақ алаңындағы алғашқы ядролық жарылыс, Қазақстанға келген алғашқы оралмандар т.с), мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуының цифрлары мен фактілерін көрсететін инфографика үлгілері ұсынылған.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
Жалған вакцина төлқұжаттары мен ПТР анықтамаларын анықтау жұмыстары қалай жүруде -
Білім беру гранттарын тағайындау: Қандай құжаттар қажет -
Биліктегі 2 жыл: несие амнистиясы, жер мәселесі және саяси-әлеуметтік реформалар -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады -
31 мамыр: Саяси құрбандарды ақтау, мемлекеттік комиссия жұмысы және әлеуметтік төлемдер -
Алматы мен Нұр-Сұлтанда дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
Жолдаудағы саяси реформалар пакеті: Ауыл әкімдерін сайлау, партиялардың өту шегін төмендету, «барлығына қарсы» бағаны