• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сағынтаев: Қазақстан Израильмен іскерлік келісушіліктерді ілгерілету үшін барлық жағдайлар жасайды

Б.Сағынтаев: Қазақстан Израильмен іскерлік келісушіліктерді ілгерілету үшін барлық жағдайлар жасайды

14 Желтоқсан, 2016 15:57
Қазақстан Израильге аптасына 5 тікелей әуе қатынасын ашады, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан-Израиль бизнес-форумы аясында.

«Біздің арамызда тікелей әуе қатынасы жоқ. Оны шешу үшін тиісті шешім қабылданып жатыр. Біз алдағы уақытта екі ел арасында аптасына 5 әуе рейсін іске қосуға дайынбыз. Израильдің Премьер-Министрі Биньямин Нетаньяхудің Қазақстанға сапары және ҚР Президенті Н. Назарбаев пен Б. Нетаньяхудің арасында қол жеткізілген келісушіліктер – бірлескен ұзақ жемісті жолдың басы ғана», - деді Б. Сағынтаев.

Министрлер кабинеті басшысының айтуы бойынша, Қазақстан Үкіметі келісушіліктерді ілгерілету үшін барлық қажетті жағдайлар жасауға дайын.

«Израильге қатысты келесі жылдан бастап визасыз режим енгізілетін болады. Сондай-ақ біз Израиль үшін достық тарап ретінде визалар бойынша жеңілдіктердің болғанын қалаймыз», - деп қосты Премьер-Министр.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар