- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті Израильмен ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындады (ФОТО)
ҚР Президенті Израильмен ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындады (ФОТО)
Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Израиль әріптестігінің формасын әртараптандыру мәселелерін талқылады.
«Сіздің бүгінгі сапарыңыз және бизнес-форумның өтуі Қазақстан мен Израиль арасындағы іскерлік қарым-қатынас аясын кеңейтіп, оны жаңа сапалы деңгейге көтереді деп сенемін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықты тәжірибелік тұрғыдан дамытудың негізгі үш бағытын айқындап берді.
«Біріншіден, ауыл шаруашылығы. Бізде ауыл шаруашылығы бизнесін жүргізуге бірегей жағдай жасалған, ал Израильде озық технологиялар бар. Сіздерден тәжірибе ретінде алғымыз келетіні – аграрлық өнімді қайта өңдеу, жер суаруды үнемдеу ісі. Екіншіден, Израиль инновация мен озық технологиялар саласында әлемдік көшбасшы болып саналады, ал Қазақстан – табиғи ресурстарға бай ел. Шикізат ресурстарын озық технологияларға алмастыру жөнінде нақты келісімдер әзірлеу үшін біз сарапшылардың арнаулы тобын жіберетін боламыз», – деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев құрамына әлемдік деңгейдегі колледж бен университет кіретін Алматы қаласындағы Қазақстан-Израиль инновациялық технологиялар орталығы құрылысының маңыздылығын атап өтті.
Үшінші бағыт денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастыққа арналған.
«Қазақстанның мыңдаған медицина қызметкерлері Израильде білім алды. Сіздің мамандарыңыз жыл сайын еліміздің медицина орталықтары базасында шеберлік сыныптарын өткізуде. Біз бұл ынтымақтастық аясын кеңейту қажет деп санаймыз. Осыған байланысты, еліміздің бірқатар университеттік клиникаларын Израиль мекемелеріне сенімді басқаруға беру мүмкіндігін қарастыруға дайынбыз», – деді Мемлекет басшысы.
Келіссөз барысында Израиль тарапы екіжақты ынтымақтастықты нығайту үшін Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін пайдалануға мүдделілік білдірді. Бұдан бөлек, «Астана» халықаралық қаржы орталығымен өзара іс-қимыл орнату перспективасы, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері саласындағы Израильдің озық технологияларын Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде белсенді түрде таныстыру мәселесі талқыланды.
Б.Нетаньяху Қазақстанға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, халқымызды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады.
«Бүгінгі кездесу елдеріміздің ынтымақтастығы жолындағы қарышты қадам болып саналады. Сондай-ақ біз Сіз айқындаған үш бағыттағы серіктестік қарым-қатынасымызды дамытуға ниеттіміз», – деді Израиль Премьер-министрі.
Сондай-ақ, Б.Нетаньяху тәжірибе алмасу және Hi-Tech саласындағы старт-ап жобалар әзірлеу үшін Қазақстаннан Израильге білікті жас азаматтар тобын жіберуді ұсынды.
Израиль мемлекеті Премьер-министрінің ресми сапарының қорытындысы бойынша төмендегідей құжаттарға қол қойылды:
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Израиль мемлекетінің Үкіметі арасындағы Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
– Екі ел үкіметтері арасындағы Биометрикалық ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату ниеті туралы бірлескен декларация;
– Қазақстан Республикасы мен Израиль мемлекетінің әуе қатынастары саласындағы билігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
– «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы мен Израильдің «Матимоп» өнеркәсіптік ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-контрукторлық жұмыс орталығы арасындағы Индустриялық зерттеулер және әзірлемелер саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум;
– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Израиль мемлекетінің Мемлекеттік қызмет комиссиясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
Сурет: Бауыржан Жуасбаев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар