- Басты
- Жаңалықтар
- 2017 жылдан бастап Қазақстан мен Италия алғаш рет жоспарлы әскери ынтымақтастықты бастайды (ФОТО)
2017 жылдан бастап Қазақстан мен Италия алғаш рет жоспарлы әскери ынтымақтастықты бастайды (ФОТО)
Кездесу барысында екіжақты әскери ынтымақтастықтың мәселелері талқыланды. Оның ішінде, өңір мен әлемде әскери саладағы сенімділік пен ашықтылықты нығайту, кадрларды даярлау мен жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық, бірлескен далалық шығуларды, мергендердің жиындарын өткізу, жауынгерлік жүзушілерді оқытып-үйрету, бітімгершілік бөлімшелердің әлеуеті мен мүмкіншіліктерін арттыру жөніндегі бағыттар басым болып белгіленді.
Генерал-майор Талғат Мұхтаров қазақстандық мамандардың Италияның жауынгерлік жүзушілер орталығына баруының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, италиялық командаларды 2017 жылы өтетін «Алтын үкі» сайысы мен Армия халықаралық ойындарына қатысуға шақырды.
2017 жылдан бастап Қазақстан мен Италияның әскери ынтымақтастығы жоспарлы негізге көшетінін айта кеткен жөн. Ағымдағы жылдың қарашасында екі елдің қорғаныс ведомстволарының өкілдері арасында алғашқы штабтық келіссөздер өтті. Оның барысында 2017 жылға арналған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Италия Республикасының Бас штабы арасындағы ынтымақтастық жоспарына алғаш рет қол қойылды. Жоспарда жауынгерлік даярлық, әскери білім беру аясындағы ынтымақтастық, сонымен қатар, екі елдің әскери қызметшілерінің бірлескен оқу-жаттығулар мен сайыстарға қатысуы көзделген.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары