БҚО-ның Теректі ауданында он отбасы қоныс тойын тойлады

11 Желтоқсан, 2013 10:00
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында он отбасы жаңа үйге қоныстанды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Теректі ауданында он тұрғын үй тұрғындардың игілігіне берілді. Жаңа үйдің кілттері «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру аясында беріліп отыр. Қоныс тойын тойлаушылардың қуанышымен облыс әкімінің орынбасары Марат Кәрімов те бөлісіп қайтты», - делінген хабарламада.

Жаңа үйдің кілттерін табыс ете отырып облыс әкімінің орынбасары мемлекеттің бағдарламаның маңызын түсіндіріп, бағдарламаның халық әлеуетін көтеруге бағытталғанын айтты.

10 бірпәтерлі үйлердің құрылысына республикалық бюджеттен 70 миллион теңге бөлінген. Құрылыстың бас мердігері жергілікті кәсіпкер Набиолла Сарсенбаев.

Үш бөлмелі пәтердің ауданы 74 шаршы метр. Ал барлық құрылыс алаңы 100 шаршы метрді құрайды. Үйлерге барлық инфрақұрылым қарастырылған. Газ жүйесі, су және электр жүйелері орнатылған.

 

Барлық жаңалықтар