- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкентте жаңғыртудан өткен газ таратушы желілер пайдалануға берілді
Шымкентте жаңғыртудан өткен газ таратушы желілер пайдалануға берілді

«ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамы қазіргі таңға облыстағы 300 мыңға жуық абонентті газбен қамту қызметін жүргізіп отыр. Аталған мекеме ұжымымен көгілдір отынмен қамтудағы Кеңес Үкіметі кезінде салынып, тозығы жеткен құбырларды, қондырғыларды жаңарту арқылы халыққа сапалы газ беру мақсатында соңғы 6 жылда 33 млрд. теңге инвестициялық қаржыға «Шымкент қаласының газ тарату желілерін қайта құру мен модернизациялау» бағдарламасы жүзеге асырылды. Жалпы инвестициялық қаражаттар есебінен 2390 шақырым газ құбырлары жаңартылған. Нәтижесінде 2017 жылдың 1 қаңтарына құбырлардың тозығы жетуі 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 60 %-дан 19 %-ға төмендетіліп отыр», - деді Жансейіт Қансейітұлы.
Мұнан бөлек, аймақ басшысы 2013 жылы Түркістан қаласына №15 автоматты газ тарату станциясының (әрі қарай АГТС), 2015 жылы Бәйдібек, Созақ аудандарын газдандыруға №18 «Шалдар» АГТС құрылысының акционерлік қоғам қаражаты есебінен аяқталып іске қосылғанын айтты. Нәтижесінде, бүгінгі таңда Түркістан шаһары мен Шаян елді мекендері газбен қамтылып жатыр деді облыс әкімі.
2009-2016 жылдар аралығында бюджет есебінен елді мекендерді газдандыру саласына 65 млрд. теңге қаражат жұмсалып 203 елді мекенге көгілдір отын жетті. Нәтижесінде, 2016 жылдың қорытындысымен қосымша 25 елді мекен газға қосылып, облыс бойынша жалпы 300 елді мекен (35,5%) немесе 1 755 306 халық (61,8%) табиғи отынмен қамтылғалы отыр.
Баршаға белгілі, облысымызға «Бейнеу-Бозай-Ақбұлақ» отандық магистралды газ құбыры тартылған болатын. Бүгінгі таңда аталған құбырдың бойындағы облыстың солтүстік-батыс бөлігіндегі 8 аудандағы 248 елді мекенді (684 304 халық) газдандыру мақсатында жоспарланған 7 автоматты газ тарату станцияларының (АГТС) 4-уі іске қосылды. Қалған 3 АГТС құрылысын 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығына аяқтау жоспарланып отыр. Осыған орай, облысты газдандырудың 2021 жылға дейінгі іс-шарасы әзірленіп, бүгінгі таңда 47 елді мекенді газдандырудың жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу басталды. Одан бөлек 2017 жылы да бұл жұмыстарға қаржы қарау жоспарлануда.
Жалпы облыс елді мекендерін газдандырудың іс-шара жоспарына сәйкес, 2017-2020 жылдар аралығында 383 елді мекендерді (733 630 халық) газдандыру жоспарланған. Нәтижесінде 2020 жылдың аяғына 683 елді мекенді (80,9 % е.м.) немесе 2,5 млн. халықты (89 %) газдандыру көзделіп отыр.
Ұлттық оператор «ҚазТрансГазАймақ» АҚ мамандарымен 2009 жылдан бері басталған тиісті жұмыстар үздіксіз газ жеткізуді қамтамасыз ету, газ ысырабын азайту, жүйенің өткізу мүмкіндігін арттыру мақсатында қолға алынған. Оның ішінде, Оңтүстік
Қазақстан облысын газбен жабдықтаудың техникалық базасын жақсартуға басымдық беріледі. Бұл, өз кезегінде, жаңа газ инфрақұрылымын жасап қана қоймай, тұтынушылар мен жеткізушілер арасында сенімді байланыс орнатып, қалыптастыруға мүмкіндік береді.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері
-
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме?
-
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді
-
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады
-
Мұнай-газ өндіру мәселелері
-
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы
-
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері
-
Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес"
-
Алматы облысының дамуы: Денсаулық, білім саласы, ШОБ және газдандыру мәселесі
-
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді
-
Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал өткен жылдың жаз айларындағы жағдайға ұқсас
-
Діни басқарма спорт кешенін салып, пайдалануға берді
-
ИНФОГРАФИКА: ТМД-да тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші қандай

