• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Премьер-Министрі NASDAQ компаниясының вице-президентімен кездесу өткізді

ҚР Премьер-Министрі NASDAQ компаниясының вице-президентімен кездесу өткізді

14 Желтоқсан, 2016 13:14
Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев National Association of Securities Dealers Automated Quotations (NASDAQ - Бағалы қағаздар жөніндегі дилерлердің ұлттық қауымдастығының автоматтандырылған баға белгілеулері) компаниясының вице-президенті, еуропалық өңірінің басшысы Андэрс Еженделмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Астана» Халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) дамыту аясында компаниямен өзара іс-қимыл және үздік әлемдік стандарттар деңгейінде АХҚО жоғары технологиялы биржа және есептік-клиринг инфрақұрылымын құру перспективалары талқыланды, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты. 

Анықтама:NASDAQ –  бұл АҚШ-тағы екінші ірі қор биржасы (компания сайты - nasdaq.com), онда барлық ашық түрдегі акционерлік компаниялардың бағалы қағаздарының жартысы шығарылады. Ол сондай-ақ  осы биржада сауда жасайтын компаниялардың нарықтық капитализациясы бойынша (Нью-Йорк қор биржасынан кейінгі) әлемдегі екінші ірі биржа болып саналады, биржа әлемнің басқа биржаларымен салыстырғанда электрондық сауданың ең жоғарғы көлеміне ие.

 

Барлық жаңалықтар