• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б. Сағынтаев пен Т. Анодина Қазақстан мен ХАК-тың авиациялық саладағы ынтымақтастық келешегін талқылады

Б. Сағынтаев пен Т. Анодина Қазақстан мен ХАК-тың авиациялық саладағы ынтымақтастық келешегін талқылады

14 Желтоқсан, 2016 12:56
Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Халықаралық авиация комитетінің (ХАК) төрайымы Татьяна Анодинамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ХАК-пен авиация саласындағы ынтымақтастық келешегі талқыланды, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.

Анықтама:Биыл қыркүйекте Еуропалық комиссия Қазақстандағы ұшып-қону қауіпсіздігімен қамтамасыз етудің техникалық бағалау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесі бойынша, Қазақстан Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарын тиімді енгізудегі өз деңгейін дәлелдеді және Еуропалық комиссияның 2016 жылғы 8 желтоқсандағы шешімімен, отандық әуе компанияларынан Еуропалық одаққа ұшуға қойылған шектеулер алынып тасталды.

Қазақстан 2020 жылға дейін ИКАО стандарттарын енгізу бойынша 87%-дан жоғары көрсеткішке жетуді және әлемнің үздік 30 авиациялық әкімшіліктерінің қатарына кіруді жоспарлайды.

Барлық жаңалықтар